Posted on

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Педагогикалық қызметкерлердің республикалық тамыз конференциясы аясында 2020 жылдың 12 мен 14 тамыз аралығында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің қызметкерлері үшін секциялық отырыс өтеді.
Секциялық отырыс онлайн режимінде, Zoom платформасында өтеді. Оған 3000-нан астам оқытушылар, ТжКБ ұйымдарының жетекшілері, әлеуметтік серіктестер, шетелдік ұйымдардың өкілдері мен жұмыс берушілер қатысады.
Секциялық отырыс 6 сұхбат алаңында өтеді және ТжКБ жүйесі үшін ең өзекті тақырыптарды қамтиды: «Академиялық дербестікке көшу жағдайындағы ТжКБ мазмұны», «Дуальды білім: тәсілдер – инновациялар – перспективалар», «ТжКБ жүйесіндегі қашықтық технологиялар: жаңа талаптар», «ТжКБ жүйесі педагогтерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастырудағы әдістемелік тәсілдер», «Тәрбие жұмысын модернизациялау жағдайындағы адами капиталды жақсарту. Кәсіби бағдар беру жұмысының жаңа моделі », «WorldSkills Kazakhstan платформасы – ТжКБ жүйесіндегі біліктілік пен кәсіби шеберлікті дамыту негізі ».
Осы мәселелерді жаңа оқу жылы қарсаңында талқылау профессор-оқытушылар құрамына оқу процесінің сапалы мазмұнын, қашықтықтан оқыту жағдайындағы іс-әрекеттерді қамтамасыз етуге баса назар аударуға мүмкіндік береді.
Ең проблемалық мәселелерді анықтау және оларды шешу жолдарын анықтау диалог алаңдарының қатысушыларының белсенділігіне байланысты болады.