Posted on

«Қазақстан экономикасының салалары үшін білікті кадрларды даярлауға арналған жаңа жолдар» атты халықаралық ғылыми- практикалық конференциясын өткізу туралы

Күні: 17 қараша 2016 жыл
Уақыты: 10.00
Өтетін орны: Атырау қ., «APEC Petrotechnic» жоғарғы колледжі (Нұрсая шағын ауданы, 11-көше, 24-телім)

2016 жылдың 17 қарашасында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрігінің техникалық және кәсіптік білім беру департаменті мен «Кәсіпқор» холдингі» коммерциалық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойы аясында «Қазақстан экономикасының салалары үшін білікті кадрларды даярлауға арналған жаңа жолдар» атты халықаралық ғылыми- практикалық конференциясын өткізеді.
Бұл конференцияның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы ТжКБ ұйымдарындағы оқыту үрдісіне озық педагогикалық тәжірибені әрі қарай трансляциялау үшін «Кәсіпқор» холдингі» коммерциалық емес акционерлік қоғамы мен SAIT Polytechnic (Саит Политехник, Канада) шетелдік серіктесінің бірлескен жобасы «APEC Polytechnic Атырау қаласы жоғары колледжі» ЖШС-нің практикалық жұмыс тәжірибесімен таныстыру. «APEC Polytechnic Атырау қаласы жоғары колледжі» ЖШС-де оқыту техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі әлемдік стандарттарға сәйкес және шетелдік әріптес-көшбасшылармен ынтымақтастық негізінде жүзеге асырылады.
«Қазақстан экономикасының салалары үшін білікті кадрларды даярлауға арналған жаңа жолдар» атты халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы Қазақстан өңірлерінің ТжКБ ұйымдарында мамандарды кәсіби даярлау жүйесіне қатысты сұрақтарды талқылау, инновациялық экономиканың талаптарына сәйкес білім беру нарығындағы жұмысшы мамандарының беделін көтеру алаңы болып табылады.
Конференция бағдарламасы пленарлық және үш секциялық жұмыстан: 1.Білім беру бағдарламалары мазмұнындағы инновациялар – кәсіби даярлық деңгейінің сапасын арттырудың негізі», 2. «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі инновациялық білім беру технологиялары» және 3. «Индустриалдық кеңес оқу процессінің инновациялық мазмұнын қалыптастыруда жұмыс берушілердің қатысуының құралы» тұрады.
Халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы жұмысына Атырау облысының әкімі, ҚР Білім және ғылым вице –министрі, SAIT Polytechnic (Канада) Вице-президенті, British Council (Британдық кеңес), Қазақстандағы GIZ герман қоғамы, Атырау облысының аймақтық кәсіпкерлер палатасы, Білім басқармасының және Қазақстанның барлық өңірінің оқу орындары, Атырау өңірінің өндірістік кәсіпорындары мен бизнес құрылымдары басшылары мен өкілдері қатысады.

Қосымша мәліметтерді www.kasipkor.kz сайтынан сондай-ақ Рысбетова Назымға
8 (7172) 79-45-36 және 8 701 208 1811 хабарласып алуға болады